Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Таразда журналисті тонамақ болған адамды ұстады

Полицейлер Таразда журналисті тонамақ болған адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда сағат 06:40-та Тараз қаласының полиция бөліміне тонау әрекеті туралы қоңырау түсті. Шағымданған әйел Сүлейменов көшесіндегі “Жастар” аллеясында белгісіз ер адам одан ұялы телефоны мен қолма-қол ақшасын ұрламақ болғанын және бірнеше рет ұрғанын хабарлады. Ал әйел қарсылық көрсете бастағанда ол өзінің қылмыстық әрекетін аяқтамай, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Осы дерек негізінде полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі 191-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (Тонауға оқталу, яғни жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолдана отырып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полиция қызметкерлері қылмыскерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын дереу бастады. Жәбірленушінің сөзімен суреті жасалып, жергілікті жердің сызбасы жүргізілді. Округтегі, оның ішінде Тараз қаласының Полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары зерттелді.

Іс-шаралар кешенінің нәтижесінде Жамбыл облысының криминалдық полиция қызметкерлері Тараздың 35 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысына өкінген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру