Ақтөбе облысында жүргізуші жүк көлігімен соқтығысып қалды
Ақтөбе облысында жеңіл көліктің жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан жолаушы зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz
21 қыркүйекте сағат 10:30 шамасында ВАЗ көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Ақтөбе қаласы бағытында 778 км жүріп келе жатып, Самара – Шымкент автожолын басып озуды бастамас бұрын алда келе жатқан көлік құралына солға маневр жасау туралы сигнал бергенің ескермей, Қырғызстан Республикасы азаматының басқаруындағы VOLVO FH 13.460 жүк көлігімен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан ВАЗ автокөлігінің 56 жастағы жолаушысы Ақтөбе қаласының жедел медициналық көмек ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.
ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейін тергеу амалдары басталды.
Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ұсынады.