Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта жер алмақ болған тұрғын алаяққа 850 мың теңгесін беріп қойған

Қазығұртта жер алмақ болған тұрғын алаяққа 850 мың теңгесін беріп қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, жақын танысының 10 соттық жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткенін көрсеткен. Осылайша алдау жолымен 2021 жылдың шілде айында оның 850 мың теңге ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген, не ақшасын қайтармаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобының шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті заңсыз әрекет жасау үшін әртүрлі өтірік сөздерін айтып, жәбірленушіден ақша алған. Ал сезікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Алдағы уақытта полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру