Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 170 келі есірткі тәркіленді

Ақтөбе облысында үш ай ішінде заңсыз айналымнан 170 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 20 құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 14-і есірткі қылмысы тіркелді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында домендік аймағы бар есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 34 сайт анықталды.

Тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан салмағы 170 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 162,9 келі марихуана, 6 келі гашиш және 1,5 грамм синтетикалық есірткі.

Ақтөбе облысы полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру