Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жылдамдық асырған жүргізушінің көлігі аударылды

Ақтөбе облысында жылдамдық асырған жүргізушінің көлігі аударылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 1 қараша күні «Хромтау-Тассай» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды.

«ВАЗ-2114» автокөлігінің Орал қаласының 21 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Тассай ауылы бағытындағы 45 шақырымында қозғалысқа кедергі және қауіп туындаған кезде көлік құралының толық тоқтауына дейін жылдамдықты төмендетпей, оң жақ кюветке қарай аударылған.

ЖКО салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен ҚР ЖҚЕ қатаң сақтауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру