Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шетелдік нөмірі бар 900-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды

Шымкентте шетелдік нөмірі бар 900-ге жуық автокөлік иелері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында жүргізушілердің, оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілерінің көлік жүргізу тәртібін жақсарту мен жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 12 қазаннан бастап “Автомобиль” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның 21 күнінде көлік жүргізушілермен жасалған 14 729 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде мемлекеттік белгілері шетелдік көлік жүргізушілермен жасалған 855 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 93 автокөлік арнайы автотұраққа қойылған.

Атап айтқанда, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзған – 66 (ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі), техникалық байқаудан өтпеген – 64 (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі), ұялы телефон пайдаланған – 19 (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы), бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту – 17 (ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы) тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 5 (ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы), қауіпсіздік белдігін тақпау – 64 (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі), авариялық жағдай туындатқан – 3 (ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы), көлік құралын мас күйде басқарған – 2 (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы), тиісті құжатсыз басқарған – 36 (ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1 және 2-бөлігі), жол бетін ластаған – 122 (ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-бөлігі) жүргізуші анықталған. Өзге де құқық бұзушылықтар бойынша – 386 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру