Ақтөбе облысында жылдамдық режимін 146 рет асырған жүргізуші анықталды
Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қауіпсіздік ережесін қасақана бұзушыны анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Мираж-Ураган" модернизацияланған жүйесінің көмегімен Өзбекстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар азаматын ескере отырып, жыл басынан бері ҚР ЖҚЕ 147 рет бұзған ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Қала жолдарындағы жүргізуші жылдамдық режимінен 146 рет асып, бір рет бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн. 390 мың теңгені құрады.
Полиция материал жинап, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберетін болады.
Жыл басынан бері "Мираж-Ураган" модернизацияланған жүйесінің көмегімен бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 46 жүргізуші мен 113 мемлекеттік борышкер анықталып, 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.