Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жылдамдық режимін 146 рет асырған жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жол қауіпсіздік ережесін қасақана бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мираж-Ураган” модернизацияланған жүйесінің көмегімен Өзбекстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар азаматын ескере отырып, жыл басынан бері ҚР ЖҚЕ 147 рет бұзған ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Қала жолдарындағы жүргізуші жылдамдық режимінен 146 рет асып, бір рет бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен. Айыппұлдардың жалпы сомасы 3 млн. 390 мың теңгені құрады.

Полиция материал жинап, шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жіберетін болады.

Жыл басынан бері “Мираж-Ураган” модернизацияланған жүйесінің көмегімен бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 46 жүргізуші мен 113 мемлекеттік борышкер анықталып, 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру