Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жетінші неке қиылды
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде жетінші неке қиылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың жиырмасыншы мамырында №70 мекемесінде тергеу қамауында отырған айыпталушы Ж.Н. есімді азаматтың неке қию рәсімі өтті. АХАЖ бөлімінен шақырылған арнайы маман екі жастың некесін растайтын куәлігін табыс етті.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 70 мекемесінде сотталған және айыпталушы 7 азаматқа неке қиюға көмек көрсетілді. Бұл – Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың құқықтарын сақтау және оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жұмыстың бір көрінісі.
Тергеу изоляторында неке қию – тек заңды рәсім ғана емес, сонымен қатар психологиялық қолдау мен әлеуметтенудің маңызды тетігі. Сотталған азаматтар үшін отбасының қолдауы, моральдық тұрақтылық пен болашаққа деген сенім – қайта тәрбиеленуге және қоғамға қайта қосылуға оң әсер етеді.
Мұндай шаралар арнайы контингенттің қоғаммен байланысын үзбеуге, құқықтық санасын арттыруға және тәртібін жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар неке қию отбасындағы балалардың құқықтарын заңды тұрғыдан қорғауға да мүмкіндік береді.