Ақтөбе облысының бас полицейі жедел кеңес өткізді
Ақтөбе облысының полиция департаментінде бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс нәтижелері қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД аппараты мен қалалық, аудандық полиция бөлімдері жеке құрамының қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы кезеңге басым міндеттер айқындалды.
Кеңеске төрағалық еткен департамент бастығы Абай Жусупов қатысушыларға ІІМ талаптарын жеткізе отырып, жұмысқа деген қарым-қатынасты жаңа форматқа көшіру, қоғаммен өзара ынтымақтастықты нығайту, отбасы-тұрмыстық саладағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шараларын күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен буллингтің алдын алу жұмыстарын жандандыру, көшедегі қылмыстармен, вандализммен, қоршаған ортаны ластаушылармен күресті күшейту, алаяқтықпен, есірткі таратушылармен күресте цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңінен қолдану туралы нақты тапсырмалар берді.
Жиында облыста тіркелген жол-көлік оқиғалары, оның ішінде мопед пен самокат басқаратын кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды. Өткен кезеңде жіберілген кемшіліктер де назардан тыс қалған жоқ. Кемшіліктерді жою мен болдырмау бойынша нақты қадамдарға көшу туралы тапсырмалар берілді.