Ақтөбе облысының ПД жүргізушілерден автокөліктерді қысқы мезгілге дайындауға ертерек қамдануға шақырады
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден автокөліктерді қысқы мезгілге дайындауға ертерек қамдануға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ қызметкерлері жүргізушілерге климаттық жағдайлардың өзгеруінің жақындағанын еске салып, автокөліктерді қысқы мезгілге ертерек дайындауға шақырады.
Қысқы уақыт кезеңінің жақындауына байланысты автокөлік иелеріне бірінші кезекте шиналарды қысқы кезеңге ауыстыру, көлікті техникалық жарамдылығы тұрғысынан, ал қысқы шиналарды – пайдалануға жарамдылығын тексеру ұсынылады.
– Қысқы кезең үшін автомобильдердің пайдалану жағдайларына маусымдық дайындығы маңызды фактор болып табылады. Егер негізгі мәселелер туралы айтатын болсақ, онда бұл жазғы шиналарды қысқыға ауыстыру. Қысқы шиналарды уақытылы орнату жақсы тіркеу сипаттамаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл көлік жүргізу қауіпсіздігіне, басқару қолайлығына әсерін тигізеді, – деді ПД ЖПҚБ бастығы Ардана Саймағамбетов.
Мәселен, 1 желтоқсаннан бастап мұндай бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылатын болады.
– Дизель отынымен жұмыс істейтін және жүктерді тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің автокөліктеріне назар аудару қажет. Аязда жолда қалмау үшін маусымға сәйкес сапалы отын құю қажет. Қала сыртындағы трассалардағы құтқару жұмыстарының басым бөлігі қысқы солярканың орнына жазғы жанармайды пайдаланған автобустар мен жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушыларын суықта эвакуациялаумен байланысты. Нәтижесінде отын қатып қалады, көлік қозғалысы тоқтайды, – деп түсіндірді А.Саймағамбетов.
Сонымен қатар, жолдарда алғашқы мұз қатқан кезде жүргізушілер барынша ұқыптылық көрсетіп, жүріс бөлігінің жағдайына сәйкес жылдамдықпен қозғалуы қажет екенін есте сақтау қажет.