Ақтөбе облысының полицейлері аязда жолда қалған шетелдіктерге көмектесті
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты полицейлер жолдарды патрульдеу мен мониторинг жасауды күшейтіп, төтенше жағдайларға тап болған азаматтарға көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Температураның төмендеуі автокөлік иелері үшін қиындық туғызып отыр. 2023 жылғы 10 қаңтарда Темір ауданындағы Ақтөбе – Астрахань автожолында Украина азаматтарының ауыр жүк көліктерінің дизель отыны қатып, қозғалысын жалғастыру мүмкін болмаған. Полиция қызметкерлері жүк көліктеріне көмек көрсеткен.
Жолда қалып қойған азаматтар полицейлер мен ТЖД қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Полицейлер Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтарына ауа райының қолайсыздығына байланысты жолға шықпауды, сондай-ақ автокөлікке қажетті барлық құралдарды алып жүруді ескертеді.