Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мұғалімдерге есірткі қылмысының алдын алу үшін қолданылатын шаралар туралы айтып берді

Қостанай полицейлері мұғалімдерге есірткі қылмысының алдын алу үшін қандай шаралар қолданылатыны туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында №19 жалпы білім беретін мектепте Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері педагогтармен кездесті.  

Негізгі мақсат – есірткі қылмысымен күресу үшін қолданылатын шаралар туралы айту. 

Қостанай облысы ПД Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Айгүл Ераділова атап өткендей, соңғы уақытта тәртіп сақшылары өте қауіпті синтетикалық есірткілерді тарату арналарын анықтауға баса назар аударып жатыр. Өткен жылы полицейлер заңсыз айналымнан 2,5 келіден астам синтетиканы тәркіледі. Осы кезеңде есірткіге байланысты 314 қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды. 

Бүгінгі таңда полиция Telegram мессенджері мен OLX тегін хабарландыру сайтында белсенді түрде жұмыс істейтін есірткі таратушылармен күресіп келеді. Қазірге дейін жауапты мамандар 400-ден астам интернет-ресурстарын бұғаттады. Олардың көмегімен есірткі мен психотроптық заттарды жарнамалау және тарату жүзеге асырылып келген. 

Сондай-ақ кездесу барысында есірткі қылмысы үшін жауапкершілік қатаң екені де айтылды. Мәселен, ол үшін қылмыскердің мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.   

Кездесуде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері мен осы саладағы түрлі мамандардың қатысуымен бірнеше ата-аналар жиналысын өткізу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін де бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру