Ақтөбе облысының полицейлері көлікті мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады
Ақтөбе облысының полицейлері көлікті мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 сәуір күні түнгі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері қызмет барысында 23 жастағы жігіттің басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігін шамасында тоқтатты.
Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерлері өткір иіс шыққанын сезді. Олар жүргізушіге медициналық куәландыруға баруды ұсынды. Нәтижесінде жүргізушінің мас екендігі анықталды.
Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, есірткіден мас болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Мас күйінде көлік басқармаңыз, оның салдары орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін.