Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта біреудің үйіне заңсыз кірген мас тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері өзгенің үйіне мас халде заңсыз кіріп кеткен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, түнгі сағат 00:30 шамасында оның үйіне белгісіз азамат мас халде заңсыз кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 149-бабы (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен аз уақыт ішінде оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары құқықбұзушыны ұстап, ПБ-ға жеткізді.

Осылайша жасалған құқықбұзушылыққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Күдіктінің бас шарасы “келу туралы міндеттемеде”.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз қауіпсіздігін басты орынға қойып, барынша сақ болуды ескертеді. Сондықтан тыныштығыңызды бұзған жағдайлар орын алар болса, тез арада полицияға хабар берулеріңізді сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру