Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтсіз тонау: ШҚО-да ауыл тұрғыны бір мезетте миллионер атанбақ болды

ШҚО-да ауыл тұрғыны АҚ бөлімшесіне ұрлыққа түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бородулиха ауданының полиция бөліміне АҚ бірінің директорынан 2021 жылғы 09-12 сәуір аралығында АҚ бөлімшесінің ғимаратына құлыптарды бұзып кірген белгісіз адам, сол жерден ұялы телефон, стационарлық жүйелік блокты және лотерея билеттерін ұрлап кеткені туралы өтініш келіп түсті.

Осылайша, жалпы сомасы 160 мың теңгеден астам материалдық залал келтірді.

– Учаскелік полиция инспекторы жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен бірге Жерновка ауылының бірнеше рет сотты болған 22 жастағы тұрғынын анықтап, жеткізді. Одан жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті ішінара қайтарды, деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру