Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы куәгерлерін іздестіруде

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы куәгерлерін іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілде күні сағат 22.50-де «Камаз 5511» маркалы автокөлігінің жүргізушісі «Самара-Шымкент« тас жолымен «Рауан« тұрғын алабы жағынан Заречный кенті Центральная көшесіне қарай келе жатқан жолда көлік құралының жүру барысында оңнан солға қарай өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Осы оқиғадан кейін «Камаз» автокөлігінің артынан қозғалып келе жатқан күміс түсті «Mercedes» маркалы автокөлік жол үстінде жатқан жаяу жүргіншіні екінші рет қағып кетіп, көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Баяндалғанның негізінде, жасырынған күміс түсті «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісін анықтау мақсатында (шорт пен футболка киген, азиаттық келбетті ер адам). Куәгерлерді анықтау кезінде «102»; 936-403; 936-408 телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Ұялы телефон –8705-735-38-33; 8775149-93-59 немесе Ақтөбе облысының ПД анықтау басқармасына №403 кабинетке хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру