Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шеберханаға ұрлыққа түскен тұрғын ұсталды

Қарағанды қаласында ұры шеберхананың есігін бұзып кіріп, ондағы құралдарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне қала тұрғыны жүгінді. Белгісіз бір адам оған тиесілі шеберхананың металл есігін бұзып, кірген және ондағы құрал-жабдықтарды ұрлап кеткен.

Шығын мөлшері 165 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ретінде жігіт ұсталды. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Жасаған қылмысының айғақты заттары тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру