Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан мен Украинаның жоғары оқу орындары достық қарым-қатынастарын нығайта түсті

Қазақстан мен Украинаның құқық қорғау органдарының қызметкерлерін даярлайтын жетекші жоғары оқу орындары достық қарым-қатынастарын нығайта түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде сонау 50-ші жылдары біздің еліміздің болашақ Тұңғыш Президентінің кәсіби тұрғыда қалыптасуына септігін тигізген Днепр қаласында Қазақстанның астанасы – Астана күніне және Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай іс-шаралар өткізілді. Іс-шараға Төтенше және Өкілетті Елші Дархан Кәлетаев бастаған Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің делегациясы қатысты.

Бағдарламаға сәйкес елшілік өкілдері Қазақстан Республикасының құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне, сондай-ақ Каменск жоғары кәсіптік училищесіне барды.

Елшілік өкілдерінің Днепропетровск мемлекеттік ішкі істер университетіне сапары да маңызды болды. Днепрдің жетекші оқу орны құқық қорғау, сот және басқа да органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асырды.

Мұнда серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында бейнеконференцбайланыс режимінде кездесуге Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы мен қызметкерлері қосылды. Онлайн-кездесуде жоғары оқу орындарының басшылары өздері басқаратын оқу орындарын таныстырып, дамудың перспективалық жоспарларын және бұдан әрі жалғасатын табатын халықаралық ынтымақтастықтарын талқылады.

Қарағанды академиясының бастығы Ақынқали Дәрменов: – Днепр қаласында Каменск жоғары кәсіптік училищесінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім алды. Біздің де сіздердің де мақсатымыз құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін дайындау болып табылады. Бұл кездесу академиялық ынтымақтастығымыздың өрісін кеңейтендігіне сенімдімін, – деп атап өтті.

5-7 шілде аралығында Днепр қаласында (Украина) Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің қатысуымен іс-шаралар өткенін естеріңізге салып кеткен абзал. Қазақстан үшін маңызды жерлерге барып қайтумен қатар, екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының болашақ қызметкерлерін даярлау саласында әріптестік байланыстар орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру