Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД «Азаматтарды бірыңғай қабылдау» өткізбек

Ақтөбе облысының Полиция департаментінде «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сенім деңгейін арттыру мақсатында Ақтөбе облысының Полиция департаменті ағымдағы жылғы 16 наурызда ПД және аумақтық бөлімшелердің бастықтарының қатысуымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін» өткізуді жоспарлап отыр.

Жеке қабылдау уақыты:

– ПД басшылығымен – Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін (Ағ.Жұбановтар к-сі, 271 А).

– Аумақтық бөлімшелердің бастықтары – сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдауға 8 (7132) 936-303 телефоны, kense.dp.aktobe@mvd.gov.kz  электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру