Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев: Халықпен байланыс-полиция жұмысының маңызды бөлігі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау қаласының №14 учаскелік полиция пунктіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство басшысы “Біздің басты міндетіміз-азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан біз учаскелік инспектордың қызмет көрсететін аумақта тұрақты болуына жағдай жасаймыз. Тиісінше, учаскелік инспекторлардың жалақысы кезең-кезеңімен көтерілетін болады”.

“Новый город” ПИК төрайымы Жәмила Түкеева бас полицейге тұрғын үй кешеніндегі қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ететін учаскелік инспекторлардың жұмысы үшін алғыс айтты.

Жәмиля Түкеева министрге учаскелік инспектор орналасқан жалпыүйлік чатты көрсетті. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындармен әңгімелесіп, ішкі істер саласындағы соңғы жаңалықтармен үнемі бөлісіп отыратын учаскелік инспекторының жұмысын жоғары бағалады.

Ерлан Тұрғымбаев учаскелік полицейлердің жұмысын, бейнебақылау жүйесін енгізуді талқылап, полиция қызметіндегі жаңа тәсілдер, құқық бұзушылықтың алдын алу және халықпен бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігі проблемаларын шешудің басқа да мәселелері туралы айтты.

– Соңғы уақытта ІІМ-де өзгерістер, инновациялар көп. Сізден учаскелік инспекторлардың санын көбейтуді сұраймыз, өйткені тұрғын үйлер мен көшелердегі қауіпсіздік – полицейлердің еңбегінің арқасында. Бұл үшін учаскелік полиция қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз, – деді Жәмилә Түкеева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру