Ақтөбе облысының прокуратурасы мен Ақтөбе заң институты арасында меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе облысының прокуратурасымен біліктілікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаптау істерінің айрықша тергеу реттілігі прокуратура органдарына үлкен жауапкершілікпен жүктелген болатын. Осыған орай Ақтөбе облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы азаптаулардың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүргізуді жалғастырып жатыр. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Ақтөбе облысының прокуратурасымен біліктілікті арттыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсіміне Ақтөбе облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидулла Дауешов және Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты Жанболатұлы Нұркен қатысты.
Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестігін дамыту мен нығайтуды, сондай-ақ білім беру және ғылыми қызметті жетілдіруді көздейді. Екіжақты келісім аясында институттың қылмыстық іс жүргізу кафедрасының мамандары азаптаулардың алдын алу бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне дәрістер мен практикалық семинарлар өткізеді.
Прокуратура өкілдері бұдан бөлек институт мұражайымен және заманауи мультимедиялық ed-Smart студиясының жұмысымен танысты.