Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғынынан есірткі табылды

Ақтөбе облысының тұрғынынан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері Қарғалы ауданы Бадамша ауылының тұрғынынан 30 дана оралған есірткі затын тапты.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Осы қылмыстық істі тергеу барысында түйіншекті сатқан ауыл тұрғынының пәтерін тінту барысында 90 мың теңге табылды. Күдікті бұл қаражатты есірткі сатқаны үшін алғанын түсіндірді.

Сонымен қатар осы жылдың 10 желтоқсанында Бадамша ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 58 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Одан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакеті табылды.

Сондай-ақ аталған күдіктіден шамамен 10 килограмм марихуана есірткі заты және 1,5 килограмм гашиш, РГД-5 жауынгерлік гранатасы, ТОЗ-8 шолақ мылтығы және оқ-дәрілер тәркіленді. Барлық көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру