Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте көлік терезесін күңгірттеп алған 1305 жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте отыз күнде автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған 1305 жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің инспекторлары жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында күнделікті қызмет атқарады.

Қала аумағында отыз тәулік ішінде терезелері күңгірттелген 1305 автокөлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі (Күңгірттеу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру