Ақтөбе облысының жолдарында 300-ден астам ЖКО тіркелді
Жыл басынан бері Ақтөбе облысының жолдарында 300-ден астам ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеті ай ішінде Ақтөбе облысының жолдарында 303 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 53 адам қаза тауып, 412 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: жаяу жүргіншілер өткелдерінен, жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу, жылдамдықты асыру, басып озу, маневр жасау, қашықтық ережелерін бұзу, сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан жол ережесін бұзу деректері де болды.
– Жыл басынан бері мас жүргізушілердің қатысуымен 10 ЖКО орын алды, онда екі адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдіктерін тақпаған төрт мыңнан астам жүргізушіні анықтады, 1 558 жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұялы телефондарды пайдаланды, 52 мыңнан астамы қозғалыс жылдамдығын асырған. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер тарапынан алты мыңнан астам бұзушылық анықталды. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығудың 662 дерегі, тыйым салатын бағдаршам сигналына өтудің 1 920 дерегі анықталды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Айдос Құлжанов.
Сонымен қатар облыстың барлық аудандарында жолдың апатты-қауіпті учаскелерінде патрульдік автокөліктер мен үй жануарларының макеттері орнатылды. Түнгі уақыттаға машинаның жарығынан макеттер көрінеді, көрген сәтте жүргізушілер міндетті түрде қозғалыс жылдамдығын төмендетеді.