Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкен жанында тұрған “Урал” велосипедін қолды қылған түркістандық ұсталды

Түркістандық ер адам дүкен жанында тұрған “Урал” велосипедін қолды қылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын “Урал” маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданды. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның күнделікті дүкендегі жұмысына барарда мінетін осы екі дөңгелекті көлігі дүкен жанынан ұрланған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 30 000 теңгені құрады. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті.

Учаскелік инспекторлар аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды. Дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Осылайша тиянақты жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті үш сағатта анықталып, ұсталды. Ұсталған ер адам облыс орталығы Түркістан қаласының тұрғыны болып шықты. Орта жастағы ер азаматтың тұрғылықты мекенжайынан ұрланған велосипед тәркіленіп, алынды. Сонымен қатар қаз-қалпында жәбірленушіге қайтарылып берілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру