Ақтөбе полицейлері аккумулятор ұрлығын ашты
Ақтөбе полицейлері аккумулятор ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz
17 қазанда патрульдік полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан Сәнкібай батыр даңғылында белгісіз адам арнайы техникадан аккумуляторлар ұрламақ болғаны туралы ақпарат алды.
Полиция жасағы жедел түрде оқиға орнына барды. Онда такси жүргізушісін белгісіз адам такси ретінде шақырғанын және осы маңда жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан арнайы техникадан аккумуляторлар ұрламақ болғанын хабарлаған. Күдіктенген такси жүргізушісі бұл адамды алып кетуден бас тартқан, сол кезде ер адам қашып кеткен.
Іздеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. 30 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілді.
Осы факті бойынша ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.