Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген мал ұрысын ұстады

ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген мал ұрысын Астанада ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД қызметкерлері мемлекетаралық іздестірілуде жүрген қылмыскерді Астана қаласында ұстап алған. Қыркүйек айының басында Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы хабарласқан. Аталған факті бойынша дереу Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жедел-тергеу тобы құрылды.

22 қыркүйекте Зайсан ауданының аумағында ұрланған малдың жүрген жері анықталып, ол жәбірленушіге қайтарылған. Қолда бар ақпарат бойынша ұрлық және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға Зайсан ауданының 63 жастағы тұрғыны қатысы бар екені анықталып, ол белгісіз бағытта жасырынғандықтан, 5 қазаннан бастап оған мемлекетаралық іздестіру жарияланған.

19 қазан іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД КПБ және Астана қаласы ПД КПБ қызметкерлері елордада аталған ер адамды ұстап, Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алған. Қолда бар ақпарат бойынша, ол Тарбағатай ауданының аумағында 2018-2022 жылдар аралығында орын алған мал ұрлығының 6 фактісін жасауға қатысы бар.

Қазіргі уақытта жәбірленушілерге бұрын ұрланған 70 мал қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру