Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған тұрғыны үйін есірткі өндіретін фитолаборатория ретінде жабдықтаған

Талдықорған тұрғыны үйін есірткі өндіретін фитолаборатория ретінде жабдықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Пәтердің иесі 34 жастағы ер адам болып шықты. Ол жатын бөлмесін есірткі өндіруге арналған фитолаборатория ретінде жабдықтаған. Арнайы жарық шамдарының астында бақша құмыраларына 10 түп марихуана отырғызған.

– Зертхана көпқабатты үйдің екінші қабатында орналасқан. Күдікті ер адам бұрын жауапқа тартылмаған. Қазіргі кезде өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды. Ұсталған адамға қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аян Исабеков.

Пәтердің тағы бір бөлмесін тінту кезінде полиция сақшылары күдікті мұқият күтіп жүрген белгісіз саңырауқұлақтарды тапты. Саңырауқұлақтар тәркіленіп, олардың құрамында есірткі барын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Жыл басынан бері өңірде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсірудің 10 фактісі тіркелді. 20-дан астам есірткі сатушы жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 40 келіге жуық түрлі есірткі тәркіленді, оның ішінде синтетиканың салмағы екі келіден асады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру