Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері екі күн ішінде 10 мас жүргізушіні анықтады

Ақтөбе полицейлері екі күн ішінде 10 мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін Ақтөбе облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Екі күн ішінде полицейлер 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде көлік құралдарын масаң күйде басқарғаны үшін 10 жүргізуші және 44 ақтөбелік ішімдік ішкені үшін ұсталды.

Мысалы, 6 қаңтарда Қарғалы ауданында полиция қызметкерлері масаң күйде көлік жүргізген 49 жастағы жүргізушінің басқаруында Opel Omega автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамасы толтырылды.

Қарғалы ауданы сотының қаулысымен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ іс-шара барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаудың немесе алып жүрудің 5 фактісі, оның ішінде 1 есірткі және 4 суық қару (кастет, пышақ және т.б.), ұсақ бұзақылықтың 37 фактісі анықталды. Сонымен бірге заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болған 120 жасөспірім анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру