Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада алаяқтық қылмысын жасаған күдіктілер құрықталды

Қызылордада алаяқтық қылмысын жасаған күдіктілер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтар күні Қызылорда қалалық полиция басқармасына облыс орталығындағы екі сауда үйінің сатушылары арызданған. Олардың айтуынша, белгісіз азаматтар сол күні киім-кешек сатып алып, ақшасы төленгені туралы түбіртек көрсеткен. Алайда кейін олардың жалған түбіртек көрсеткені белгілі болған.

Жәбірленушілерге 230 мың теңге көлемінде шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмысқа күдіктелген бұрын сотты болған 35, 27 жастағы екі азамат және 29 жастағы азаматша ұсталды. Олардың екеуі Алматы қаласының тұрғыны, біреуі Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта алаяқтық жолмен алынған заттар иелеріне қайтарылды. Алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру