Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіледі

Қарағандылық полицейлер есірткі тасымалдаушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш есірткісін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Алматы – Екатеринбург тас жолында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Түнгі сағат 03.30 шамасында полиция қызметкерлері қалаға жақын маңдағы ауылдардың бірінің маңынан 38 жастағы азаматтың басқаруындағы жеңіл автокөлікті ұстады.

Көлікте 41 жастағы жолаушы болған. Автокөліктің Жамбыл облысы Шу қаласынан келе жатқаны анықталды. Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында көліктен ірі көлемдегі есірткі заттары анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес, күдіктілердің әкеле жатқан заты 146 келі марихуана және 94 келі гашиш екені белгілі болды. Оларға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру