Ақтөбе полицейлері студентті бопсалады деген күдіктіні ұстады
Ақтөбе полицейлері студентті бопсалады деген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы ПД жастар арасында, оның ішінде оқу орындарында қылмыстың алдын алуға ерекше көңіл бөледі. ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласының жергілікті университетінің студентінен ірі көлемде ақшалай қаражат бопсалау дерегін анықтады. Оны осы оқу орнының студенті ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып қорқытып, бопсалаған.
Осы жылдың 25 наурызында жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер қолма-қол ақша алғаннан кейін күдіктіні ұстады. Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Бұл қылмыс үшін заңнамада 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.