Астана полицейлері шегілмейтін темекі өндірген жасырын цехты анықтады
Астана полицейлері насыбай өндірген жасырын цехты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жалғасуда. Наурыз айының соңына дейін елордада “Насыбай” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы насыбай темекі қоспасын дайындау бойынша жасырын цехты анықтады.
Тәртіп сақшылары аталған заттың 105 келісін тәркіледі. Цех иесі жауапқа тартылды. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған кезде кінәлі тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.
Естеріңізге сала кетейік, насыбайды заңсыз сату 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.