Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды

Шымкентте есірткі қылмысына қатысты іздеуде жүрген шетелдік күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрші елдің 50 жастағы азаматына өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық іздеу жарияланған. Ол есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеуден бой тасалап жүрген.

Ер адамды Шымкент аумағында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады.

Қазіргі таңда оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру