Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері жүздеген көліктен құралған тізбекті қар құрсауынан шығаруға көмек көрсетті

Ақтөбе полицейлері жүздеген көліктен құралған тізбекті қар құрсауынан шығаруға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы екі аптада Ақтөбе облысында, жалпы республикада метеорологиялық жағдай күрт нашарлады: қалың қар, қарлы боран, көктайғақ.

Республикалық маңызы бар жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол қызметтері тәулік бойы жұмыстар атқарды.

Осы қиын сәттерде облыстың жолдағы серіктері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше рет қиын жағдайға тап болған жол қозғалысына қатысушыларға көмек көрсетті.

Ағымдағы жылдың 4-5 наурызында республикалық маңызы бар «Ресей Федерациясы шекарасы (Самара-Шымкент)» автожолының «Ақтөбе-Хромтау» учаскесінде бірнеше көлік тізбегін қар құрсауынан босату бойынша жұмыстар жүргізілді. Легі ұзаққа созылған колоннада жүзге жуық жүк көлігі болды, ауа райының қолайсыздығынан көру мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, жолды қардан тазартуға мүмкіндік бермеді.

Осы жағдайда, жол техникасының ішінде жүк тиегіш машинасының жүргізушісінің денсаулығы аяқ астынан нашарлауына байланысты жұмысты жалғастыру мүмкін болмаған. Соны көрген полиция қызметкері Мәлік Тілеубергенов ойланбастан жүк тиегіш көлікті басқаруға отырып, жұмысын жалғастырды.

Мәлік Тілеубергеновтың айтуынша, азаматтардың алғысы қызметтік міндеттерін адал орындауға ынталандырады және әрбір полицей жолда қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесуге дайын.

«ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшылығы полиция қызметкерлері Тілеубергенов Мәлік пен Өтеген Еркінге кәсібилігі мен жұмыстағы еңбекқорлығы және адамдарға деген қарым-қатынасы, қызметтік міндеттерін мүлтіксіз орындайтыны үшін алғыс білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру