Автожолдарда ақтөбелік полицейлер профилактикалық іс-шаралар жүргізуде
«Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Орынбор» автожолдарындағы ақтөбелік полицейлер профилактикалық іс-шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шара екі айдың қорытындысы бойынша бес жол-көлік оқиғасы орын алып, онда алты адам зардап шегіп, төрт адам қаза болған. Ақтөбе облысы Полиция департаменті ағымдағы жылы халықаралық және республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Орынбор» автожолдарында транзиттік жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасының жиілеп кеткенін атап өтті.
Осыған байланысты, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Жайсан» шекара бекетіндегі жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жолға шыққан кезде метеорологиялық жағдайларды ескеруді, жылдамдықты асырмауды, ЖҚЕ қатаң сақтауды талап етіп, авариялық-қауіпті орындар көрсетілген жадынамамаларды таратуда.