Ақтөбе облысында республикалық акция басталды
17-18 қаңтар аралығында Ақтөбеде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өз жұмысын бастады. Бұл күндері әкімшілік полиция, жергілікті және көші-қон қызметі баcқармаларының басшылық құрамы, қала-аудан полиция бөлімінің жетекшілері қабылдау алаңдарында тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.
Акция барысында азаматтардың шұғыл мәселелерді шешу үшін алдын ала жазылусыз тікелей полиция басшылығына жүгінуге мүмкіндігі бар.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Әлиев Қазақстан азаматтарының шет елдерден сатып алған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген шетелдік автокөліктерді тіркеу жөнінде түсіндірді.
«Қазір біз «Жолдағы қабылдау» және жеке қабылдауларда шетелдік автокөлік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Біз әрбір көлік иелерімен автокөлікті жария ету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. «Жол қозғалысы туралы» заңның 63-бабына сәйкес барлық автокөліктер 10 күн ішінде ҚР – да тіркелуі тиіс», – деп мәлімдеді Қанат Әлиев.
Осындай шет елдік автокөлік, иномарканың иесі Сәбит Қалақов өзін толғандырған тақырыпты жеке өзі сұрады.
«Мен өз автокөлігімді тіркеу туралы мамандардан жеке білдім, ал күн сайын түрлі қауесеттерді естимін. Маған бәрін түсіндірді. Заң бар, болашақта проблемалар болмас үшін заң бойынша тіркелетін боламын».
Жарты күн ішінде акцияға 230 азамат келіп, өз сұрақтарына жауап алды. Олардың 80% – ы шет елдерден әкелінген көлік құралдарын тіркеу мәселесі толғандырды, оларға түсініктеме берілді.
Сонымен қатар, Полиция департаментінде тұрақты түрде жедел байланыс телефоны жұмыс істейді, ол бойынша азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңес ала алады.