Ақтөбе су қоймасында рейд өтті
Ақтөбелік полицейлер ТЖД қызметкерлерімен, еріктілермен бірлесіп, Ақтөбе су қоймасына рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында тыйым салынған жерлерде шомылу фактілері анықталды.
Тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайтынына, сондай-ақ карантин кезінде ресми жағажайлардың жабылуына қарамастан, ақтөбеліктер су жағажайларына баруын тоқтатар емес және белгіленген ережелерді сақтамайды.
Рейд барысында Ақтөбе су қоймасында «Шомылуға тыйым салынады» белгісіне қарамастан, суда шомылған бес адам байқалды. Барлық бес факті бойынша ҚР ӘҚБтК – нің 362-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік ескерту жасалды. Ақтөбеліктермен мас күйінде шомылу және тыйым салынған жерлерде шомылу қаупі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Мамандардың айтуынша, тыйым салынған жерлерде шомылу, сондай-ақ мас күйінде суға түсу көбінесе адамдардың суда қаза болуына себеп болады.
– Шомылуға тыйым салынған жерлерде бірнеше рет жазатайым оқиғалар орын алады. Біз мас күйінде суға бармауға, сондай-ақ қауіпті жерде шомылмауға кеңес береміз. Шомылу кезінде барлық факторларды ескеру қажет, сондай–ақ егер сіз жүзе алмасаңыз, қажетті жүзу құралдарын алу қажет, – дейді полицей Ардақ Мыңжасаров.