Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның велосипедін ұрлаған ер адам ұсталды

Петропавлдық полицейлер қала тұрғынына ұрланған велосипедін қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілде Петропавлда “Phoenix” маркалы велосипедінің ұрлығын анықтаған 54 жастағы қала тұрғыны “102” арнасына жүгінген. Шығын сомасы 130 теңгені құрады. Велосипед Семашко көшесі бойындағы жеке мекеншік үйінің ауласынан ұрланған. Петропавл қ. Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлерімен өткізілген қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары қылмысты тез арада ашуға септігін тигізді. Жақын жатқан аудандағы бейнекамераға ұрланған велосипедті тізгіндеп бара жатқан ер адам түсіп қалған. Ол 1972 жылы туған қала тұрғыны болып шықты, оның үстіне ол масаң күйде болған.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келуі туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Ұрланған зат иесіне қайтарылды. Полицейлердің жұмысына разы болған иесі күн сайын жұмысына және саяжайға мініп барып жүрген велосипедін “асыраушым” деген.

– Велосипед иелерінің қауіпсіздік шараларын кез келген жағдайда сақтаулары тиіс, – деп атап өтті Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. – Аз уақытқа болса да велосипедін қараусыз қалдырмай, ұрлап әкетуге қарсы берік трос пайдаланғаны жөн. Қажет болған жағдайда бейнекамераның бақылауындағы орындарды таңдаған дұрыс: сыртқы бейнебақылау жүйелерімен жарақталған көшелерді немесе үйлердің аулаларын. Тәжірибе көрсеткендей, қаскөйлер бұндай жерлерді айналып өтеді, сондай-ақ бейнежазбалар қылмысты тез ашуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, петропавлдықтар өздерінің қос дөңгелекті көліктерін қалауы бойынша полицияның мәліметтер базасында тіркей алады. Өйткені велосипед ұрланған жағдайда оны тез арада анықтауға болады. Бүгінде аталмыш базада 1116 велосипед тіркелген.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру