Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 267 тәртіп бұзушылық анықталды

Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар кезінде 267 тәртіп бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері еріктілермен бірге төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.


11 сәуірге Ақтөбе облысында тәртіп сақшылары ТЖ режимін бұзудың 291 фактісінің жолын кесті, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 476 бабы бойынша (ТЖ режимін бұзу) – 266 бұзушылық, оның ішінде 62 адам қамауға алынды, 113 айыппұл салынды, 36 ескерту жасалды, 48 материал сотқа жіберілді, 7
тоқтатылды.


ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы бойынша (ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін іс-әрекеттер) 25 бұзушылық анықталды, оның ішінде 14
айыппұл салынды, 10 қамауға алынды және бір материал сотқа жіберілді.


Азаматтардың блок-бекеттерін заңсыз айналып өту фактілері орын алуда, мұндай бұзушылықтар 16 анықталды, оның ішінде 4 адам қамауға алынды, 2 айыппұл салынды және 10 материал сотқа жіберілді.


Мысалы, 10 сәуір күні Рысқұлов көшесінде Нұрсити мекен-жайында тұратын 44 жастағы ер адам тоқтаған, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағын бұзған (ТЖ режимін бұзу). Мамандандырылған әкімшілік сот оны бес тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қабылдап жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды. Осы іс-шаралардың барлығы инфекцияны таратпаудың алдын алу мақсатында өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын сақтауды, жеке қорғану құралдарын (маскалар мен медициналық қолғаптар) киіп жүруді, аса қажетсіз далаға шықпауды сұраймыз. Өзіңізді және
жақындарыңызды қорғаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру