Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде көлік айдаған жүргізуші ұсталды

Ақтөбе облысында мас күйде көлік басқарған жүргізушілер жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Заңнамасына көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершіліктің күшейтілуі туралы енгізілген өзгерістер күшіне енген сәттен бастап, Ақтөбе облысында 48 фактісі тіркелді, оның ішінде көлік құралын басқару айырылған бола тұра, мас күйінде көлік басқарған бес факті, жүргізуші
құқығынан бұрын айырыла отырып, мас күйінде жол-көлік оқиғасы жасады.


Мысалы, сәуір айының басында басқару құқығынан айырылған ақтөбелік тұрғын көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін екі жылға бас бостандығынан және өмір бойы жүргізуші құқығынан айырылып, сотталды.


9 сәуір күні есірткілік мас күйінде көлік айдаған жүргізуші ұсталды, ол бұрын есірткі мас күйінде басқарғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


9 сәуірде сағат 19:00-де Жазықов және Темирязев көшелерінің қиылысында патрульдік полиция жасағы “Газель” көлігін тоқтатқан. 45 жастағы жүргізушінің жағдайы полицейлерге күмән тудырды, жүргізілген сараптама нәтижесінде жүргізушінің есірткілік мас күйде екендігін көрсетті. Анықталғандай, 2018 жылы жүргізуші көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Мойындау көрсеткіштері бар. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Ақтөбе облысының Полиция департаменті  2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы заң күшіне енгенін еске салады.
Жүргізушілер мас күйінде рөлге отырып, өз өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіретінін түсінуі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру