Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Блок-бекеттерде отбасылық жұптар қызмет атқарады

Солтүстік Қазақстан облысында полиция және медицина қызметкерлері отбасыларымен блок-бекетте қызмет атқарып жүр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жерлестеріміз үшін ең қиын карантин уақытында полиция қызметкерлерінің көптеген отбасыларымен блок-бекеттерде және кезекшілікте қызмет етіп жатыр.


Полиция және медицина қызметкерлерінің мамандығы бірлескен отбасылар туралы сөз қозғалады. Екі бірдей отбасы мүшесі қазіргі таңда өте қажетті міндетте қызмет атқарады.Облыста мұндай отбасылар баршылық.

Қызылжар ауданы полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Нұргелді Қоныспаевтың отбасында үш бала бар. Жұбайы Орталық аудандық ауруханада мейірбике қызметін атқарады. Карантин кезеңінде блок-бекетте кезекшілік етеді. Демалыс кезінде балалардың ойыны және үйдегі шаруадан әкесі мен анасының үйде болмағаны білінбеді. Бірақ тоқсан басталысымен оқушы Іңкәр мен Асанәлінің сабағындағы қиыншылықтар үлкен ұлы Баянның иығына түсті. Ол өзінің сабақтарын ұқыпты оқып, кішкентай бауырларына көмектеседі. Асанәліні ата-анасының жанында болмауы қынжылтады. Бірақ ол да жүздеген қазақстандық балалар сияқты сыныптастарын сағынып, карантиннің аяқталуын күтіп жүр.

Анасы болса кіріп-шыққандардың дене температурасын тексеріп, шыдамдылықпен санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың қажеттілігін түсіндіреді.

“Біз адамдарға оқшауланудың қажеттілігін түсіндіреміз. Ауыл тұрғындарының алдында егін себу науқаны тұр. Қажетті құрал-саймандар алу, тұқым дайындау, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай сатып алу керек. Барлығы қалаға кіргісі келеді. Бірақ бәрі осындай қатаң шаралардың арқасында ғана инфекцияны тоқтату мүмкін екендігін түсінеді. Үйге келген соң, бізді сағынып күтіп отырған балаларымызды бірден құшақтай алмаймыз. Алдымен барлық киімдерімізді шешіп, дезинфекция жасағаннан кейін ғана оларды сүйіп, еркелетіп, содан соң күнделікті әйелдің үй тіршілігіндегі: тамақ пісіру, кір жуу, үй тазалау сияқты шаруаларымен айналысамын”, – дейді Жанар. Олардың әкесі мүлдем кеш келеді: ол барлық қазақстандық полиция қызметкерлері сияқты ерекше режимде жұмыс істейді. Есепте тұрғандарды бақылау; инфекция ошақтарын күзету: ол қызмет көрсететін учаскеде екі адам үй карантині жағдайында отыр, алаңдатушылық туғызатын мекен-жайларды тексеру.

Осыған ұқсас жағдайда М.Жұмабаев ауданы полиция бөлімінің кезекші аға инспекторы Александр Зауэрдің отбасы өмір сүріп жатыр. Оның жұбайы – 29 жылдық тәжірибесімен аудандық ауруханада мейірбике қызметін атқарады.

Светлананың тәжірибесінде мұндай қиын кезең болған емес. Аудан шекаралас орналасқан аймақ болғандықтан блок-бекетке кезекшілікке болғанда барлық өтіп жатқандарға түсіндіру және оларды тексеру қажет. Түнгі кезекшілікке түскенде, қызы Александра ұйықтағанша жиі-жиі қоңырау шалып, WhatsApp-қа қызықты әңгімелер мен суреттер жіберіп тұрады.

Анасы мен әкесі жұмыста болған кезде, үйде жалғыз қалғанда қорықпауды алтыншы сынып оқушысына қалай түсіндіруге болады? Әкесінің қызына қоңырау шалатын уақыты жоқ, өйткені ол аудандағы жағдайды бақылауда ұстауы қажет, шақыртуларға автопатруль жіберуі керек, полицияның кешенді күштерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуі тиіс, шекара қызметімен байланыста болуы керек. Ал, Сашаға үй тапсырмаларын өзі орындап, өзінің сүйікті мысықтары Люцифер мен Крохаға тамақ беруіне тура келеді. Ата-анасының кезекшіліктен келуін күтуден басқа амалы жоқ. Ол шыдамдылық таныту, сыртқа шығуға сұранбау, ата-анасына баланың қыңырлығын көрсетпеу керектігін түсінеді. Құрбыларымен тек телефон арқылы ғана.

“Полиция мен медицина қызметкерлерінен тұратын отбасылар: Ерлан мен Әсем Шәкіровтер (М.Жұмабаев ауданының ПБ), Бейбіт пен Эльмира Шәниевтер (Шал ақын ауданының ПБ), Әсет пен Карина Жанғазиндер (Аққайың ауданының ПБ), Станислав пен Валентина Алифиренколар (Петропавл қ. ПБ) да осындай режимде жұмыс істеп жүр. Олардың балалары тек оқшаулануда ғана емес, сонымен қатар өздерін-өздері тәрбиелеп, сабақтарын өздері оқып, үй шаруасымен айналысады. Шамадан тыс еркеліктерін, қыңырлықтарын көрсетпейді. Олардың барлығы өз жерлестерінен – солтүстікқазақстандықтардан: қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, үйде болуды, жақындарыңыздың жанында болу сәтін бағалай білуді сұрайды”, – дейді СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының басшысы Наталья Калинина.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру