Ақтөбеде 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді
Өткен төрт күнде Ақтөбеде 40-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын облыс жолдарында 70-ге жуық адам қаза болады. Қыстың ең қауіпті айы – желтоқсан, өйткені бұл уақытта қысқы кезеңдегі барлық төтенше жағдайлардың үштен екісі орын алады.
Температураның төмендеуі, жауын-шашын автокөлік жолдарын жұқа мұз қабығымен немесе қармен жабуға әкеледі. Нәтижесінде, бірі басқарудан айырылса, ал екіншісі өз күшіне сене отырып, бұл жағдайда рұқсат етілген жылдамдықтан асады. Мұның бәрі өте ауыр салдары бар жол-көлік оқиғасына әкеп соғады.
Мысалы, 18 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының тас жолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
«ВАЗ-21144» автокөлігінің жүргізушісі Новоальжан тас жолында жол жүру ережесін бұзып, қарсы жолаққа шығып, «Лада-217030» соқтығысуына жол берді. Соқтығысқаннан кейін жеңіл көлік қозғалыс бағытын өзгертіп, «Volvo» көлігімен соқтығысқан. Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-21144» автокөлігінің жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды, автокөліктер механикалық жағынан зақымдалған.
– Әр автокөлік иесі «Қашықтықты сақта» деген сөзді білетін шығар. Бұл әсіресе қыста, жолдың нашар төсемінде, көлікті тоқтату қиын болған кезде, ал тайғақ жол тежеу жолын арттырған кезде өте маңызды. Қыс мезгілінде қашықтықты сақтап қана қоймай, мүмкіндігінше оны барынша арттыру керек – егер сіз кәсіпқой болсаңыз да, қысқы тайғақ жолдағы ЖКО-ның басты себебі бола алатын көлік құралының жүргізушісінен осындай шебер іс-қимылға ешкім кепілдік бермейді, – деді Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.
Облыс полициясы республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда жол-көлік оқиғаларына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Тәулік бойы 100-ге жуық патрулдік полиция экипажы патрульдеуде, олар қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге уақтылы көмек көрсетеді.
Қыс басталғаннан бері көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті. Қыста өте мұқият, абай болу керек.
Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жылдамдық режимін, қашықтықты сақтауды, мүмкіндігінше алыс қашықтықтарға шығуды шектеуді, ауа райының өзгеруі туралы ескертулерді қадағалауды сұрайды.