Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушілер қамалды

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде басқару фактілері кездесуде.

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Шалқар қаласының Биекенов көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “ВАЗ 21099” автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шықты. Сондай-ақ, жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны және осыған қарамастан көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды.

20 желтоқсанда облыс орталығында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлері сағат 03.20-да Рысқұлов көшесіндегі 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “ВАЗ-21140” автокөлігін тоқтатты. Анықталғандай, жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған бола отыра, көлікті мас күйінде басқарған.

Екі дерекке байланысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (КҚ басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның КҚ басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жүргізушілер Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады. Жүргізушілерге ең алдымен, өздерінің өмірі мен амандығы туралы ойлануға кеңес беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру