Ақтөбеде 5 жасар қыз терезеден құлап кетті
Ақтөбеде бес жасар қыз терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 тамызда Ақтөбе қаласындағы Бөкенбай батыр көшесіндегі көппәтерлі үйдің үшінші қабатынан 5 жасар бала құлап кетті. Түрлі дене жарақаттары бар кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласындағы АМО-ға жатқызылды.
Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов балалардың терезеден құлауын болдырмау үшін кішкентай балалары бар отбасыларға терезелерге қорғаныс торларын орнатуды ұсынады.
– Балалар москит торына сүйеніп, терезеден құлап кетуі мүмкін. Москит торлары ешқашан балаларды құлап кетуден қорғамайды. Олар ол үшін арналмаған, әлсіз бекітілген. Балалар терезеге көтерілмеуі үшін жиһазды терезелерден алыс орнату керек. Дәл осындай ережелер балконда да сақталуы керек, – дейді ол.