Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тәртіп сақшылары алматылық OLX алаяғын анықтады

Шымкент полицейлері алматылық OLX алаяғын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның “102” нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға “OLX” интернет желісіне сатуға жарнамалап қойған газ плитасын 40 мың теңгеге сатып аламын деп хабарласқанын көрсеткен. Қоңырау шалған азамат банк картасының реквизиттерін ақша аудару үшін сұрап алып, соңында ешқандай да ақша қаражаттарын аудармай, керісінше шотында болған 70 мың теңге ақшасын өзіне белгісіз жолмен аударып алған.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру