Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде әйел мас күйінде көлік жүргізді

Ақтөбеде әйел мас күйінде көлік жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 тамызда сағат 10.30-да патрульдік полиция қызметкерлері Ряхов көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін 37 жастағы әйелдің басқаруындағы Toyota RAV4 автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде әйелдің мас күйде екені және бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Әйел адам Ақтөбе қаласының УҰИ-не қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру