Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде атты полицейлер жағажайлар мен саяжайларды патрульдеуде

Ақтөбеде атты полицейлер жағажайлар мен саяжайларды патрульдеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаз мезгілінің басталуымен Ақтөбеде саяжай алаптары мен жағажайларда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға атты полиция кіріседі. Ақтөбе қаласы полиция басқармасының кавалериялық бөлімшесі – полициядағы ерекше бөліністердің бірі, мұнда “аттың құлағында ойнайтын” жас, шымыр, көбіне бала кезінен жануарларға күтім жасау дағдыларымен таныс ауылдан шыққан жігіттер жиналған.

– Біз кез келген адамды қызметке ала алмаймыз, өйткені ең бірінші жақсы шабандоз болу керек. Жылқылар да қатаң іріктеуден өтеді. Жауынгерлік ат төзімділікке, сабырлы мінезге ие болуы керек, – дейді кавалериялық бөлімше командирі Ғалымжан Кантуралиев.

Атты полицияның жұмысы ерте көктемнен басталып күздің салқынына дейін жалғасады. Ақтөбе қаласында күн сайын 3 атты патруль қызметке түседі, оның құрамында барлығы 6 атты полицей бар. Олар негізінен, бау-бақша ұжымдары, саяжайлар мен су жағалауларында азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Жаз басталғаннан бері Ақтөбеде атты полицейлер жағалауларда спирттік ішімдік ішу дерегі бойынша 32 әкімшілік хаттама, белгіленбеген жерде шомылғандарға қатысты 113 әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар кавалерия бөлімшесінің қырағы полицейлері өзен жағалауларының маңында есірткі құралдарын қолданудың 3 дерегін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру