Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ауа райының күрт суытуына байланысты үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастарды жылы жерлерге орналастыру бойынша шаралар жалғастырылуда

Ақтөбеде белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланып, кезбелік өмір салтын ұстанатын адамдарды жылы жерлерге орналастыру бойынша шаралар қабылдануда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райының күрт суып кетуіне байланысты белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар жертөлелерде жылынып, жылу трассалары бойын паналайды.

Мұндай адамдардың үсік шалып, зардап  шегуінің алдын алу мақсатында  полиция қызметкерлері оларды Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына, Ақтөбе қаласының белгілі бір тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыруда.

Осы аптада ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орнына 146 қаңғыбас жеткізілді, олардың тек бесеуі ғана орталыққа қабылданды, ал қалған 141 адамның жеке басы мен тұрғылықты жерінің бар екені анықталуына байланысты орталыққа орналастырылған жоқ.

Сонымен қатар полицейлер Ақтөбе қаласының белгілі бір тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына  62 адамды жеткізді.

Осы орайда жеткізілген адамдардың басым көпшілігінің аталған мекемелерге бірнеше рет жеткізіліп, құжаттандырылғанын, алайда олардың басым көпшілігінің кезбелік өмір салтына қайтадан оралғанын айта кету керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру